«Зертханадағы микробтар: бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін өнер туындысына айналдыру»
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Микробиология, аллергология және иммунология» кафедрасы «Зертханадағы микробтар: бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін өнер туындысына айналдыру» атты тақырыпта олимпиада өткізді. Онда қатысушылар микроскопиялық зерттеу нәтижелерін, бактериялардың өсу ортасындағы ерекшеліктері мен культуральдық қасиеттерін макет, 3D модель, аппликация және бейнелеу тәсілдерімен көрсетті. Микробиологиялық зертхананың күрделі үдерістері шығармашылық туындылар арқылы ұсынылды.
Олимпиаданың мақсаты – микробиология саласындағы білімді шығармашылықпен ұштастыра отырып, студенттердің ғылыми қызығушылығын арттыру және ғылыми зерттеулер нәтижесін көркем тілмен жеткізу арқылы тереңірек түсінуге ықпал ету. Іс-шараға 20 студент пен 10 оқытушы қамтылды. Бұл олимпиада – ғылым мен өнердің тоғысқан ерекше алаңы. Қатысушылар тек зертханалық дәлдікпен шектелмей, микробиологиялық түсініктерді кең аудиторияға қолжетімді етіп жеткізе білді. Мұндай формат болашақ мамандарды ғылыми коммуникацияға және шығармашылық ойлауға баулиды.
