Өзбекстан Республикасындағы қазақстандық медицина күндері

21-22 қараша аралығында Өзбекстан Республикасында екі елдің денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен қазақстандық медицина күндері өтуде. ОҚМА АҚ бұл шараға білім беру бағдарламалары, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары туралы ақпаратпен қатысты. Дәрігерлерді оқытудың барлық деңгейлеріне-бакалавриат, резидентура бағдарламаларына үлкен қызығушылық бар.

1461 1

1461 3

Жақсы ұйымдастырушылық, Өзбекстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының және медициналық ұйымдардың өкілдерімен кездесу мүмкіншілігі қамтамасыз етілген. Бұхара мемлекеттік медицина институтының, Ташкент медициналық академиясының, Ташкент педиатриялық институтының және Өзбекстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарындағы әріптестерімізбен кездесу қуанышты болды.

1461 2

21.11.2019, 06:26
234 қаралым