Өзбекстан Республикасына ғылыми сапар

2022ж. қыркүйек айында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.Ә. Қабыл Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Шахи-Зинда мемориалдық кешеніне ұйымдастырылған зерттеу экспедициясы құрамында болып, Ташкент қаласында өткізілген халықаралық ғылыми конференцияға қатысып келді. Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор Қ.К. Раджабовтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы (ХІХ ғасырдың орталары – ХХ ғасырдың 30-жылдары)» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, құттықтау арнады. Конференция барысында танымал тарихшы ғалымдармен кездесті, келешекте ғылыми ынтымақтастық байланыстар жасау, тәжірибе алмасу т.б. іс-шараларды бірлесе атқару мәселелері жөнінде сұхбат құрды.

05.10.2022, 16:53
506 қаралым