Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік жас ғалымдар конференциясы «ИММУНОЛОГИЯ және ГЕНЕТИКА: ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕР»

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының 2021 оқу жылындағы алғашқы ғылыми іс шарасы Ташкент қ. 2021 жылғы 15 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы ғылыми академиясының Адамның иммунологиясы мен геномикасы институтында өткен, Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған, «Иммунология және генетика: заманауи жетістіктер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік жас ғалымдар конференциясына бірге ұйымдастырушы ретінде қатысумен басталды.

Конференцияда Өзбекстан, Башқұртстан және Қазақстаннан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жас ғалымдарының баяндамалары оқылды.

Секция отырысында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., профессор Абуова Гульжан Наркеновнаның, докторанттар Полукчи Т.В., Шаймерденова Г.Н., кафедра ассистенті Алиев Д.С., резидент Мухамеджанова Д.З. ғылыми еңбектері ұсынылды. Конференцияға қатысушылар соматикалық және жұқпалы аурулардың клиникалық ағымы, диагностикасы мен емі бойынша ең өзекті де сенімді ақпараттармен өзара бөлісуге мүмкіншілік алды.
Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

 

16.09.2021, 19:23
367 қаралым