Жатақханадағы тексеріс
2024 жылдың 05 ақпан күні «Taza Sessia» жобасы шеңберінде, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау» жөніндегі аймақтық кеңесі және «Жастар рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы, Төтенше жағдайлар департаменті және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қатысуымен құрылған мониторинг топ, жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығына көз жеткізу мақсатында ОҚМА АҚ қарасты Байтұрсынова №84 мекенжайындағы жатақханаға тексеріс жүргізді.
Тексерістің мақсаты жатақхана жағдайының сапасын арттыру, санитарлық нормалар мен қауіпсіздік шараларын сақтау.
Тексеріс барысында анықталғаны жуынатын бөлмелер мен асханалар күрделі жөндеуден өтіп, соңғы үлгідегі жиһаздармен жабдықталып қолданысқа берілген. Тәртіптік режим жатақхана қызметкерлері тарапынан қатаң бақылауда. Мониторинг топ мүшелері ОҚМА АҚ басшылығы тарапынан студенттерге жасалынып жатқан жағдайлар үшін өз алғыстарын білдірді.