“Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы” дөңгелек үстелі

9.12.24ж. күні ОҚМА жатақханасында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы М.М.Маликов " Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!" тақырыбында білім алушылармен дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық» ұғымын түсіндіріп, құқықтық сауаттылығын арттыру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу болып табылады.
Қазіргі әлемде қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне тікелей әсер ететін қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі-сыбайлас жемқорлық. Бұған қарсы күресуші жастар болуы керек. Сыбайлас жемқорлық жастарға үлкен әсер етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты, дәйекті мемлекеттік саясаттың арқасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік ахуалы құрылып, “адамдар мен лауазымдарға қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күрес жүргізу “үшін жағдайлар қалыптастырылуы тиіс. Осылайша, жас ұрпақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескер болуы керек деген қорытынды жасауға болады. Себебі ол жастарға бірінші кезекте, әсіресе жоғары оқу орындарына түсу кезінде әсер етеді.
Іс-шара барысында аға оқытушы М.М.Маликов білім алушылармен еліміздегі және шетелдегі жемқорлыққа қарсы заңдар мен шараларды талқылады. Сонымен қоса, білі алушылар сыбайлас жемқорлық туралы өз ойларын білдіріп, оған қарсы тұру жолдарын атап өтті.
Тақырыпты талқылау барысында сыбайлас жемқорлық - бұл жүйелі тәсілді, кешенді және шешуші іс-қимылды талап ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы екендігі атап өтілді.

10.12.2024, 11:10
118 қаралым