ЖАС ҒАЛЫМДАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҢДАТПА

Жас ғалымдар мен студенттердің бірінші халықаралық форумы Ұлттық Ғылым Академиясының, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен "ОҚМА" АҚ қабырғасында 2023 жылдың 6-8 желтоқсаны аралығында өткізілетін болады.
Форумның басты мақсаты- әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен алмасу үшін платформа құру, өзекті мәселелерді талқылау.
Іс- шара барысында жас ғалымдардың пленарлық отырысы, Академияның Шымкенттегі өңірлік филиалының ашылуы, ғылымның түрлі бағыттары бойынша секциялық отырыстар, өндірістік базалармен танысу ұйымдастырылады.


Форум аясында келесі іс-шаралар өтеді:
1. «Биология, медицина және фармацияны дамыту перспективалары» жас ғалымдар мен студенттердің Х Халықаралық ғылыми конференциясы.
2. Хирургиялық пәндер бойынша бірінші Халықаралық олимпиада
3. Жобалар байқауы


Форум барысында жас зерттеушілер арасындағы өзара қарым- қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға назар аударылатын болады. Қазіргі заманауи зерттеулердің неғұрлым өзекті бағыттарын талқылау, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту жолдарын белгілеу жоспарлануда.
Конференцияға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар мен жастардың ғылыми қызметін жандандыруға мүдделі ұйымдар шақырылады.
Форумның өтетін орны: «Жастар ресурстық орталығы»


Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Түркістан көшесі 1

04.12.2023, 17:15
539 қаралым