Жаңа жыл – жаңа бағыттарда дамуға жетелесін!

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті Сахов Сапарбек Мұсаханұлы 1 курс «Медицина» мамандығының білім алушыларына, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты баяндамасының негізінде Қазақстан тарихы сабағында «Жаңа жыл – жаңа бағыттарда дамуға жетелесін!» деген мақаласын баяндады.
Елімізде дарынды жастарды қолдау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу пайымдары – күнделікті өмірде орындалуы міндетті іс-әрекеттер. Қоғамдық әдепті қалыптастыру, жас ұрпақты адалдыққа тәрбиелеу ұлттық идеологияның ажырамас бөлігі болып табылады.
Бұл күндері біздің азаматтарымызға, әсіресе жастарымызға, тіршіліктің қай тұрғысынан болса да, жарияланған болашақ мақсаттардың мәнін мейлінше тереңдеу сіңіріп, алдағы жақсылықтарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талқылаған шексіз пайдалы болып табылады.
Әділеттілік. Қоғамдық, мемлекеттік, әлеуметтік-топтық және адамаралық қатынастар әділеттікке сөзсіз негізделуі керек.
Әрине, ішіндегі ең болашағы заман талабына сәйкесі – құқықтық қоғамдық талаптар:
БІРІНШІДЕН, ең алдымен, бүгінгі күні қолда бар идеологиямыз бен Конститциямыздың туындылары болып табылатын ҚҰҚЫҚТЫҚ қатынас; талап; тәртібімізді; қатайтып, бұл үрдістерді толыққанды, сөзсіз орындатуға қол жеткізуіміз өте қажет.
ЕКІНШІДЕН, әрі қарай жалғастырсақ, ғылыми-техникалық прогресті ту еткен, прагматизмді қару еткен дамушы елдің идеологиясы, құқықтық талаптары, экономикалық-әлеуметтік жүйесі біздің заманымызда тұрақты жаңғырып, қажеттілік болса, жаңарып тұрады. Мұндай ел тіршілігінің халық мүддесіне сәйкес реалды өзгеру үдерісі – обьективті процесс. ҮШІНШІДЕН, халық арасындағы негізі ұлттық болып табылатын қоғамдық идеологиямыздың және оның құрамдас бағыттарының насихаттық ұтымдылығын тиісті деңгейге көтеру қажет. Бұл кемістікті өткенде бастан кешкен «Қаңтар трагедиясы» тұсында, онан кейін де, көзбен көрдік.
ТӨРТІНШІДЕН, аталмыш демократиялық сайлау құралы халықтың билік функциясын қамтамасыз етудің маңызды түрі ретінде барлық басқа мемлекеттік құрылымдармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен, жеке сайлаушылармен және үміткерлермен тең, әрі бірдей қарым-қатынаста өз парызын атқаруы керек.
БЕСІНШІДЕН, Даму барысында туындайтын мақсат-мұраттарымызды – қоғамдық идеологиямызды, құқықтық қатынасымызды, экономикалық-әлеуметтік мәдениетімізді, демократиялық құндылықтарымызды елге көрсетіп, жұртты сендіріп, азаматтарды рухтандырып, алға жылжуымыз қажет екендігін атап өтті. Сонымен қатар, талқылауға қатысып отырған студенттерге «Әділетті қоғам. Әділетті адам» қалыптастыру жастардың қолында екенін де тілге тиек етті.

20.05.2024, 17:37
308 қаралым