Жаңа тақырыптық оқу кабинетінің ашылуы

2023 жылдың желтоқсан айының 25-ші жұлдызында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мерекесіне орайластырылған «Зерде-Фито» ЖШС бастамасымен және демеушілік қолдауымен жабдықталған «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» кафедрасында №317 тақырыптық кабинетінің ашылу салтанаты өтті.
«ОҚМА» АҚ мен «Зерде-Фито» ЖШС бұрыннан тығыз жұмыс істеп келеді. Бұл «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау деңгейін арттырады. Осыған байланысты «ОҚМА» АҚ басшылығы «Зерде-Фито» ЖШС-мен бірлесіп «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» бойынша мамандар даярлауда Торланова Ботагоз Онгаровнаға зор алғысын білдірді.

Ол әрқашан белсенді өмірлік ұстанымымен, сенімділігімен, адалдығымен, жоғары талапшылдығымен, даналығымен, шешім қабылдау қабілетімен ерекшеленеді. Оның басшылығымен көптеген дипломдық жұмыстар/жобалар қорғалған. Оның шәкірттері ғылыммен, оқытушылық қызметпен айналысады, практикалық фармацияда жұмыс жасап, көбісі Республикада басшылық лауазымдарын атқарады, Қазақстанда және одан тыс жерлерде жұмыс істейді.
Қиын еңбекке қосқан зор үлесі, кәсібилігі мен өз ісіне деген сүйіспеншілігі, еңбекқорлығы мен адалдығы үшін құрмет пен ризашылық білдіру үшін «ОҚМА» АҚ «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» кафедрасындағы № 317 тақырыптық кабинетке Торланова Ботагоз Онгаровнаның есімін беру туралы шешім қабылданды.

28.12.2023, 16:45
341 қаралым