«Заманауи жоғары білімдегі интербелсенді оқыту әдістері: Newcastle Университетінің тәжірибесімен бөлісу» тақырыбындағы мастер-класс
2017 жылдың 10 ақпан күні «Шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі А.С.Сайфутдинованың ұйымдастыруымен «Заманауи жоғары білімдегі интербелсенді оқыту әдістері: New Castle Университетінің тәжірибесімен бөлісу» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Мастер-класты New Castle Университетінің түлегі, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Еуропа елдерінде тәжірибе алған Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы, профессор, д.ф.ғ. Сахиджанова З. жүргізді. Мастер-классқа: Долтаева Б.З.- медицина факультетінің деканы, Жақсыбергенов А.Р.-«Қоғамдық денсаулық сақтау-2» кафедрасының меңгерушісі, Ескерова С.У.-«Гигиена-2» кафедрасының меңгерушісі, Магай Л.Н.-«Қоғамдық денсаулық сақтау-2» кафедрасының оқытушысы, Аширепбаева К.Е.- УМЦ әдіскері, Жумагалиева Д.С., Ширинова М.К.- «Гигиена-1 және эпидемиология» кафедрасының оқытушылары, Козыкеева Р.А.-«Фармакогнозия және химия» кафедрасының ғылыми қызметкері, Айтымбетова Ә.Н.- «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия» кафедрасының оқытушысы және шет тілдері кафедрасының оқытушылары қатысты.
Мастер-класс барысында шет елдердегі жаңа оқыту әдістері мен оны сабақ өту барысында қолдану жолдары көрсетілді. Соның ішінде “Five-lined poem”, “AT-table”, “A three staged conversation”, “A picture gallery”, “Hot seat”, “Poster” тиімді әдістер ретінде атап өтілді.
Мастер-класс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар іс-шара үйымдастырушысы А.С.Сайфутдиноваға және профессор З.Сахиджановаға өз алғыстарын білдірді.