Заманауи жастар арасында житс және оның алдын алу

ЖТД-2 кафедрасында 22.11.2021ж. «1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні» қарсаңында оффлайн тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараны профессор Г.Н.Досыбаева басқаратын кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, Жастар кеңесінің мүшесі Т.Аманбаев және ЖИТС орталығы қызметкерлерінің қолдауымен ұйымдастырған болатын. Іс-шараның мақсаты дәрігер-интерндерді “ЖИТС және оның алдын алу шараларымен” таныстыру болды.

Іс-шараға кафедра меңгерушісі Сметова Р.А. , ассистенттер Латиева М.Ш., Баймуратова Б.Н., Қуанышева Б.А. , Елтаева Г.Ш. және 622 623, 625, 626 және 609 интерн топтары қатысты. Тәрбие жұмысына жауапты Г.Ш.Елтаева іс шараны ашып берді және өзінің сөзінде 1 желтоқсанның барша жұртшылық үшін мәні мен маңызына тоқталып өтті.

Арнайы тәрбие сағатына ЖИТС орталығынан дәрігер-эпидемиолог И.Р.Мусаев шақырылды және оның көмекшісі Елшібей С.Х., халық арасында ЖИТС-тің маңызды белгілері мен алдын алу шаралары туралы түсіндірме дәрісінде жан-жақты айтып өтті.

Қатысушыларға «Өмір кілті өз қолыңда» тақырыбы аясында ЖИТС орталығы дайындаған бейнеролик көрсетіліп, буклеттер таратылды. Сонымен қатар, іс-шара аясында студенттер АИТВ туралы айтып өтті. Дәріс соңында эпидемиолог көмекшісі волонтерлердің қатысуымен АИТВ-ға қатысты анонимді экспресс-тест жүргізді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен интерндер СПИД орталығының әріптестеріне және ОҚМА жанынан құрылған ҚазМСА белсенділеріне қызықты және қоғам үшін маңызы бар іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

26.11.2021, 20:14
605 қаралым