«Заманауи медицинаның теориялық және тәжірибелік аспектілері» секциясы туралы
2018 жылдың 7 желтоқсанында ОҚМА Қазақстан Републикасының Тұңғыш Президенті Қоры – Ұлт Көшбасшысы қолдауымен «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми конференция өтті. «Заманауи медицинаның теориялық және тәжірибелік аспектілері» бөлімінде 40 астам ғылыми жұмыстар тыңдалды. Жақын шетел мемлекеттерінен баяндамашылар келді – Ресей Федерациясынан, Орал мемлекеттік медицина институтынан, Екатеренбург қаласы, Таджикстан Республикасынан, «Абу Али Ибн Сина» атындағы ТММУ, Душанбе қаласы, сондай-ақ Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінен, Алматы қаласы, Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінен және Шымкент қаласының Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері, интерндері, резиденттері және магистранттары баяндама жасады.
Пленарлық отырыста жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының 2 оқу жылының резидент-инфекционисті Әуезханов Саматхан «Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі ҚКГҚ жүктемесі» тақырыбыда баяндама оқыды.
Бөлімде қатысқандар баяндамаларға жоғары қызығушылық танытты, ол талқылау барысында көптеген сұрақтар қойылғанынан байқалды. Барлық баяндамашылар Тұңғыш Елбасы қорының құрметті сертификаттарына ие болды.
1,2,3 орындарды алғандары үшін құрмет дипломдарына және силықтарына пленарлық бөлімде «Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі ҚКГҚ жүтемесі» баяндамасымен Әуезханов С.П. «ОҚМА», Шымкент қ. және «Аортальды тромбоздың клиникалық жағдайы, диагностика және емдеу қиындықтары» баяндамасымен Хафизова Д.М., Янцева Е.К. «ОММУ», Екатеринбург қ. ие болды.