«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ: ОҚЫТУДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ» ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2023 жылғы 10 наурызда «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да «Заманауи білім беру: оқытудың соңғы нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған оқытудың тиімді әдістерін қолдану» ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты: ЖОО оқытушыларының кәсіби қызметін, ЖОО-ның электрондық ақпараттық-білім беру ортасының жұмыс жасауын, білім беру сапасын және оқытудың инновациялық технологияларын жетілдіру және т. б.
Қазақстандық білім берудің даму тенденциялары, қазіргі заманғы ЖОО-дар моделін қалыптастыру бұл - педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілік деңгейінің уақыттың сын-талаптарына сәйкестігін, болып жатқан өзгерістерге жылдам жауап беруді, кәсіби қызметтің сипаттамаларын дұрыс анықтай білуді талап етеді.
Бүгінгі конференция алаңы - пікірталас және тәжірибе алмасу арқылы сапалы құрылған және әдістемелік ойластырылған білім беру ортасын құруға мүмкіндік беріп, конференцияда баяндалған оқытудың тиімді әдістері профессорлық-оқытушы құрамының жұмысына жаңа серпін береді.

Конференцияға жиналған қатысушыларға «ОҚМА» АҚ ректоры, профессор М.М. Рысбеков, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор М.Ұ. Анартаева құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияның қатысушылары мен спикерлері ОҚМА және Х.А.Яссауи ХҚТУ жетекші профессорлары, оқытушылары мен қызметкерлері болды.

Ғылыми-әдістемелік конференция жұмысының қорытындысы бойынша Қарар қабылданды, конференцияның үздік баяндамалары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

15.03.2023, 12:47
588 қаралым