«Заманауи білім беру: оқытудың соңғы нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған тиімді оқыту әдістерін қолдану» атты ғылыми-әдістемелік конференция

2024 жылы 03 мамырда «Заманауи білім беру: оқытудың соңғы нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған тиімді оқыту әдістерін қолдану» атты ғылыми-әдістемелік конференцияға «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Махатова Л.Т., «Білім алушылардың бойында парасаттылықты қалыптастыруда интеграцияланған пәндердің рөлі» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Аталған тақырыптың өзектілігіне, мемлекетте жүгенсіздік, тәртіпсіздік және бейберекеттіктің алдын алуда жастардың бойында «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қалыптастырудағы медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларында білім алушылардың биылдан бастап оқыту үдерісіне енгізілген интеграцияланған «Құқықтық, экономикалық, экологиялық және ғылыми білімдер» пәндерінің мақсаттары мен міндеттерін толық маңыздылығын баяндалды. «Парасатты сана» ұғымы – бұл интегративті ұғым, өйткені құқық негіздері, ғылыми зерттеу әдістері, экономикалық және экологиялық ғылым салаларынан қажетті ақпараттарды бойына сіңіріп, зерделеп түсінеді. Кафедраның аға оқытушысы Махатова Л.Т. дипломмен марапатталды.

14.05.2024, 17:58
306 қаралым