«Жалпы гигиенаның өзекті мәселелері» халықаралық студенттік онлайн олимпиадасында жеңіс

«Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ Қоғамдық денсаулық мектебінің «Қоршаған орта гигиенасы» білім беру модулінің оқытушылары 2025 жылдың 14-15 ақпанында «Жалпы гигиенаның өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық студенттік онлайн-олимпиаданы ұйымдастырды. Бұл іс-шара студенттерді даярлау сапасын бағалауға, олардың теориялық білімдерін одан әрі тереңдетуге және нығайтуға, сондай-ақ олардың кәсіби дамуына ықпал етуге бағытталған. Зияткерлік сайысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Әзірбайжанның жетекші медициналық жоғары оқу орындарының «Қоғамдық денсаулық/Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері қатысты. Олимпиада студенттердің алған білімдері мен дағдыларын тексеру ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу және жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды платформа болды. Қатысушылар жоғары білім деңгейін және пәнді оқуға қызығушылық танытты. ОҚМА-дан олимпиадаға 3 курс «Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша В-ҚДСҚ-01-22 білім алушы Керимханова Айгерим қатысып, «Жалпы гигиена» пәнінен жақсы нәтиже көрсетіп, I-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жүлдегерді даярлауға ОҚМА-ның «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі, доцент м.а. П.Д.Утепов және доцент м.а. З.И. Бейсембаева үлкен үлес қосты.

07.04.2025, 15:00
84 қаралым