«Зальцбургтегі балалар неврологиясы бойынша семинар»

Америка-Австрия қауымдастығы Зальцбургте (Австрия) әртүрлі елдердің әртүрлі мамандықтағы дәрігерлері үшін медициналық семинарлар өткізеді, Австрия мен Американың жетекші сарапшылары ағылшын тілінде дәріс оқиды.

2022 жылдың 20-26 ақпаны аралығында Австрияда (Зальцбург) балалар неврологиясы бойынша семинар өтті. Семинарда балалардағы неврологиялық аурулардың өзекті мәселелері талқыланды. Біз балалардағы дистрофинопатиялар, нәрестелердің спазмы, эпилепсия, нейропатия, инсульт сияқты ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістеріне талдау жасадық.

Бұл семинарға «Неврология, психиатрия және психология» кафедрасының ассистенті Есетова Айнур Амирхановна қатысып, «Балалардағы Вест синдромы» атты баяндама жасады. Халықаралық сертификатқа ие болды.

03.03.2022, 21:02
419 қаралым