Қызылшаның алдын алу
Қазақстанда қызылша ауруының өсуі байқалады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі егілмеген балалар – қызылша ауруымен ауырғандардың негізгі үлесін құрайтынын хабарлайды. Қызылша ауруының өршуіне байланысты 2019 жылы 14 мамырда №130 орта мектептің 8 сынып оқушылары арасында дәріс оқылды. Дәріс тақырыбы «Қызылшаның алдын алу», баяндаушы ЖТД-1 кафедрасының ассистенті Сатымбекова А.Ш.
Баяндамада өзектілігі, таралуы,жұғу жолдары, көрінісі,асқынулары және алдын алуы көрсетілген. Іс-шараның мақсаты: оқушылар арасында қызылша туралы ақпарат деңгейін арттыру. Қызылша – ауа-тамшылы жолмен жұғатын өте жұқпалы инфекция. Қызылшаның асқынуы жиі пневмонияға әкеледі. Балаларда жалған круп, кейде стоматит болуы мүмкін. Ересектерде менингит, менингоэнцефалит, полиневрит дамуы мүмкін.
Егер адам қызылшамен ауырмаған болса және осы инфекцияға қарсы егілмеген болса, онда науқаспен байланыста болған жағдайда оның инфекцияны жұқтыру мүмкіндігі 100% -ды құрайды. Қызылша инфекциясы кезінде алдын алу іс-шараларының қажеттілігі адам популяциясындағы жұқтырудың қарапайымдылығымен, тез таралуымен және ересек жастағы асқынулардың белгілі бір даму ықтималдығымен анықталады.
Қол жетімді және тиімді инфекциямен күресу әдісі – вакцинация . Бұл тақырып оқушылар арасында үлкен қызығушылық және белсенді талқылаулар тудырды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.