«Қызылша ауруының алдын алу»
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мәліметтері бойынша бүгінгі күні қызылша ауруымен ауырғандар саны 910 адамға жетті. Инфекция Еуропадан әкелініп, қызылшадан 68 адам қаза тауып, 70 мың адам жұқтырылды.
Қызылша-жоғары температурамен (40,5°C дейін), ауыз қуысының шырышты қабығының және жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуымен, конъюнктивитпен және тері жамылғысының дақты - папулезді бөртпесімен, жалпы уланумен сипатталатын, ауа-тамшы жолымен берілетін адамда ғана кездесетін жіті инфекциялық вирустық ауру.
Қызылша ауруының өршуіне байланысты 2018 жылдың 12-16 ақпан аралығында фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасында «Фармация» факультетінің 3 курс топтарының қатысуымен «қызылша ауруының алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.Оның мақсаты болып табылады:
* қызылша ауруының қаупі туралы студенттерді ескерту;
* қызылша және оның алдын алу туралы айту;
* вакцинацияның маңыздылығы, екпелердің ауруға әсері туралы.
Студенттер қызылша ауруы, оның алдын алу және қорғау шаралары туралы хабардар болды.