Қызықты студенттік өмір!

643 1

2015 жылдың 18 қараша күні студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.С.Баймбетова мен жастар саясаты секторының ұйымдастыруымен «Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай, академияның үлкен мәжіліс залында мерекелік іс-шара өткізілді. Фармацевтикалық факультетінің деканы Н.Ж.Жұмабаев, медициналық  факультеті деканының міндетін атқарушы Б.О.Аширов және техникалық және кәсіптік білім беру факультеті деканының орынбасары А.Саимкулова, жастар саясаты секторының меңгерушісі Ғ.Д.Оразымбетова оқуда озат, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген студенттерді алғыс хатпен марапаттады. Студенттерге логикалық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді. Іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, мың бұралған бишілер мен жез таңдай әншілердің әніне жалғасты. 

27.11.2015, 05:05
381 қаралым