Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары

2023 жылғы 31 мамырда «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Генетика және физиология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Бас директоры Сағындықова Гүлнұр Жүнісова және Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «М. А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Бас директоры Шарипов Камалидин Орынбаевич келді
Қонақтар академияның дамып келе жатқан инфрақұрылымымен танысты (салынып жатқан 800 орындық көп бейінді клиниканың макеті) мұражайда, компьютерлік-тесттік баспа орталығында және «South Clinical & Genetic Laboratory» зертханасында болды.

Сапар аясында ОҚМА мен шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК «Генетика және физиология институты» ғылым комитетінің ҚР ҒЖБМ, ОҚМА мен РМК шаруашылық жүргізу құқығындағы «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» ҚР ҒЖБМ ғылым комитеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

01.06.2023, 09:25
462 қаралым