Ынтымақтастық туралы жаңа шешімдер

2021 жылдың 27 қазанда Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясына Rifat EDIZKAN профессоры келді. Профессор Rifat EDISON инженерлік білім беру бағдарламаларын бағалау және аккредиттеу қауымдастығының мүшесі және бағдарламаны бағалаушы болып табылады.
01.10.2019 жылдан бастап Түркиядағы Эскишехир Османгази университетінің проректоры болып тағайындалған. Қонақ Эскешехир университеті туралы ақпарат берді. "Орхун", "Мевлана" , Эразмус+ алмасу бағдарламалары туралы айтып өтті.
Өз кезегінде ОҚМА ректоры профессор М.М. Рысбеков қонақты академияның дамуының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Профессор ОҚМА проректорларымен, декандарымен, құрылымдық бөлімдерінің басшыларымен кездесті.

Профессор Rifat EDIZKAN академияның инфрақұрылымымен танысып, мұражай мен зертханаларды аралады.

Екі тарап ынтымақтастық және жаңа шешімдер туралы келісімге қол қою мүмкіндігін растады.

29.10.2021, 22:58
480 қаралым