Ынтымақтастықтың тағы бір тәсілі

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушылары «Фармация» мамандығы бойынша инновациялық білім беру бағдарламаларын құру шеңберінде өткізілген «Фармацевтикалық экология» пәнін оқытудың өзектілігі және жетілдірілуі бойынша халықаралық он-лайн конференциясына қатысты. Конференцияны Сеченов Университетінің (Мәскеу, РФ) А.П. Арзамасцев атындағы аттас кафедрасы ұйымдастырды.

1151 1

Конференцияда экология және фармацевтикалық экология пәндері бойынша дәрістік курстар мен тәжірибелік сабақтардың, сонымен қатар фармацевтикалық химия, токсикологиялық химия және фармацевтикалық экологияны оқытудағы интеграциялық байланыстары, фармацевтикалық экологияның фармацевтикалық өнеркәсіптермен байланысы және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері, фармацевтикалық экология курсы бойынша студенттердің есептері және т.б. талқыланды.

1151 2

Осы пәннің жаңалығы, ақпараттылығы мен тартымдылығы  РФ фармацевтикалық саласының осындай мамандарға қажеттілігі серіктес-ЖОО арасында заманауи білім бағдарламаларын жасауға арналған объект ретінде бізді қызықтырды.

1151 3

ОҚМА стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы А. Ахметова бейне-конференцияның қатысушыларына алғысын білдіріп, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа тілек білдірді.

Он-лайн конференцияның ұйымдастырылуында техникалық қолдау көрсеткен ОҚМА КТБО операторы Жарылқасын Берікболға кафедра үлкен алғысын білдіреді.

15.05.2018, 09:20
403 қаралым