Ғылым және білім интеграциясының нетижелері

«Фармация» мамандығының 5 курс студенттері Мотай Аргүл мен Ауесханова Айгерім 2018ж. 19-20 сәуірде С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде өткен «Ақан оқулары: медицина және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» Халықаралық жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. 

1131 1

Жас ғалымдардың секциялық отырысында Мотай Аргүл «Биосұйықтықтан бөліп алынған мовалистің спектрофотометриялық анықталуы» жұмысын ұсынды. Жұмыс жоғары ғылым орнының магистранттары мен докторанттары арасында ағылшын тілінде таныстырылды.   

«Биоаналитикалық химия және токсикологиялық химия» элективтік пәнінен RBL (ғылыми бағытталған оқыту) әдісімен өткен сабақ нәтижелері бойынша Ауесханова Айгерім ағылшын тілінде таныстырды. Ол биологиялық объектіден алынған диклофенактың зерттеу әдістері бойынша мәліметтерді жоғары деңгейде жеткізіп қана қоймай, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы оқытушыларының RBL - жаңа инновациялық оқыту әдісін тәжірибеде қолдануы бойынша аудиторияны таңғалдырды.    

1131 2

Конференция барысында біздің жас ғалымдарымызға Жапониядан келген магистранттары және доктаранттарымен пікір алмасуына мүмкіндік туды.

Осылайша, конференцияда біздің студенттер өздерінің білімдерін, іскерліктері мен зерттеу дағдыларын, ақпараттық ізденістерде үздік бағыт-бағдар және нақты шешімдерді қабылдау үшін мәліметтердің дұрыстығын сыни тұрғыда бағалай алатындығын көрсете алды.  

1131 3

26.04.2018, 07:11
398 қаралым