«Хирургия, онкология және травматология» кафедрасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жатақханада «Қатерлі ісіктерді алдын алу және ерте диагностикасы» тақырыбында өткізілген тәрбиелік іс шара

19.04.2024 ж. ОҚМА № 1 жатақханада Кафедра меңгерушісі м.ғ.д профессор м.а. Абдурахманов Б.А. бастаған «Хирургия, онкология және травматология» кафедрасы ұжымы ОҚМА студенттері мен интерндердің қатысуымен «Қатерлі ісіктерді алдын алу және ерте диагностикасы» тақырыбында тәрбиелік іс шара өткізілді.
Мәжіліс жүргізушісі, кафедра меңгерушісі Абдурахманов Б.А. кіріспеде халық денсаулығы туралы, оның ішіндегі онкологиялық аурулар туралы қысқаша баяндап, баяндамашы мен баяндама тақырыбымен таныстырып өтті
Кафедраның ассистенті, онколог Абдраманова А.К. жасаған баяндамада заманауи кезеңде әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісігі, жатыр мойны қатерлі ісігі,ер адамдар арасында өкпе қатерлі ісігі , простата безінің қатерлі ісігі жалпы тұрғындар арасында терінің қатерлі ісіктері, қалқанша безінің қатерлі ісіктері,жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері көбейіп бара жатқаның айтты.Сондықтан да өз уақытысында халық арасында Скрининг жасаудың маңыздылығын, Скринингтік тексерулер ауруды ерте сатысында немесе оған бейімділікті анықтауға, оңтайлы емдеу әдісін таңдауға және алдын-алу шараларының кешенін тағайындауға көмектесетіні туралы айтылды.Зиянды әдеттердің де,әртүрлі эмоциялық жағдайлардың барлығы-зиян онкологиялық ауруға алып келетін факторлар.
Залда отырған интерндермен мен студенттерге онкологиялық аурулардың алдын алуға онкологтар ғана емес, сонымен қатар барлық медициналық жүйеде қызмет ететін дәрігерлердің жауапкершілігі мол екендігін айтты.
Кафедраның ассистенті, онколог Юсупов А.М. Қатерлі ісіктердің дүние жүзінде жиілеп бара жатқаның, олардың алдын алу шараларын атап өтті
Тәрбие сағаты соңында онкологиялық аурулардың алдын алу туралы арнайы парақшалар, буклеттер,плакаттар таратылды.
Тәрбие сағаты қызғылықты өтті. Мәжіліс соңы сұрақ жауаптар мен пікірталасқа ұласты.Баяндамашыларды мұқият тыңдаған студенттер соңында өздерін өздерін қызықтырған сауалдарға қызықты жауаптар алды.

13.05.2024, 17:01
189 қаралым