WORLD SKILLS ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕСЕБІ
23.09 -03.10.2024 ж. күндер аралығында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша Шымкент қаласының білім беру басқармасының бұйрығымен «World skills Shymkent-2024» өңірлік чемпионаты өтті. «World skills Shymkent-2024» өңірлік чемпионаты Шымкент қаласының медицина колледждері арасында «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру мақсатында өткізілді.
«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінің атынан «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» білім беру бағдарламасының 4 курс С-МІҚБ-11-01-21 тобының білім алушысы Әшірәлі Жанерке Мақсатқызы қатысты. Білім алушыны «Мейіргер ісі-1» кафедрасының оқытушысы Әбдіғани Алтынай Нұрбекқызы дайындап, аймақтық чемпионатта ол эксперттер қатарына қосылды.
«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша «World skills Shymkent-2024» өңірлік чемпионаты 3 модульде өтті:
Модуль А. Холецистэктомия жасалынған пациентке стационарда күтім жүргізу.
Модуль В. Күндізгі стационар жағдайында жедел бронхит диагнозы бар науқасқа көмек көрсету.
Модуль С. III дәрежелі гипертониясы бар науқасқа үй жағдайында күтім жасау.
Модульдерде берілген тапсырмалар бойынша, конкурсанттар теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті, эксперттер чек-лист бойынша бағалап, нәтижесін шығарды.
Білім алушы Әшірәлі Жанерке Мақсатқызы 2 орынды иеленіп, күміс жүлдегер атанды.