Webometrics Ranking of World Universities рейтингтің шілде шығарылымы (2017)

Webometrics Ranking of World Universities шеңберінде әрбір жарты жыл сайын әлемнің 20000 астам университеттер, оның ішінде өңірлер мен жекелеген елдер арасында саралау жүргізіледі.

Рейтингті Испания Ұлттық Зерттеу Кеңесінің Cybermetrics Lab зерттеушілер тобы өткізеді. Олар веб-мазмұнының көлемін (беттер мен файлдар санын) және сыртқы дәйексөздер саны бойынша осы жарияланымдардың көрінетін әсерін ескеретін құрамдастырылған көрсеткіш негізінде Интернет-кеңістікте университеттердің қатысуын бағалайды.

Рейтинг 2004 жылдан бастап, жылына екі рет шығады (қантар және шілде).

2017 жылдың шілде айындағы рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстанның медициналық ЖОО арасында рейтингтік бағасы тізімінде ОҚМФА С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нен кейін екінші орынға ие болды.

Webometrics Ranking of World Universities дүниежүзілік рейтингінде 2017 жылдың қантар мен шілде айлар арасында Қазақстандық ЖОО рейтингтік ұстанымының серпінін талдау бойынша елеулі қарқын ОҚМФА-да байқалынады – оның рейтинг орны 5025 тармаққа жақсарған.

1023 1

10.08.2017, 02:47
296 қаралым