Визитинг профессор дәрісі
09 ақпан күні Rheumatology International (Springer) журналының ассоцирленген редакторы, профессор, Корея медицина ғылымы журналының бөлім редакторы, Бирмингем университетінің "Ревматология, зерттеулер және даму" бөлімшелерінің ассоцирленген профессоры (Дадли, Ұлыбритания), «ОҚМА» АҚ Құрметті профессоры Гаспарян Армен Юрьевич тарапынан, «ОҚМА» АҚ «Дәлелді медицина және клиникалық жұмыстар» бөлімі, «Жалпы тәжірибелік дәрігер-2» кафедрасы, Шымкент қаласының бас ревматологы, «№2 қалалық ауруханасының» «Ревматология»бөлімшесінің меңгерушісі Тен Светлана Владимировнамен бірлесіп ұйымдастырылған «Буын синдромы. Заманауй диагнозтикалау әдісі және емі» тақырыбында дәріс өтті.Дәріс барысында жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен ревматологтардың тәжірибесінде кездесетін жиі кездесетін ревматологиялық аурулардың қауіп факторлары, клиникалық көріністері, диагностикалық критерийлері және емдеу жолдары талқыланды. Профессор Армен Юрьевич Гаспарян дәрігер-интерндермен және жас дәрігерлермен ревматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі жетістіктермен және проблемаларымен бөлісті.
Дәріс соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қызықты кездесу ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.