«Visiting professors» бағдарламасы

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жаңа оқу жылы, JSS Фармация колледжі (JSSCPO), Ооти, Нилгирис, Тамил Наду, JSS Жоғары білім және зерттеулер академиясы, Мисуру, Карнатака, Үндістан Құрылтайшы колледжінің профессорлары доктор Раман Суреш Кумар және доктор Гонна Нанди К Ганеш «Visiting professors» бағдарламасы арқылы келуімен басталды.
JSS Жоғары білім және зерттеулер академиясы QS рейтингімен расталған өмір туралы ғылымдардағы ең жақсылардың бірі болып саналады. 2022 жылдың қараша айында университеттеріміз арасында стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.
2024 жылдың 5 қыркүйектен 14 қыркүйекке дейінгі кезеңде шақырылған профессорлар студенттерге, магистранттарға және докторанттарға дәрістер топтамасын оқиды. Бірінші дәріс «Үндістандағы фармацевтикалық білім және реттеу», «Фармацевтикалық өнімдердің өмірлік циклін басқару мәселелері» тақырыптарына арналды.
Академия басшылығымен, фармация факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесуде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастық, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, студенттермен алмасу мәселелері талқыланды.

06.09.2024, 16:48
301 қаралым