НОБЕЛЬ ДЕКАДАСЫНДА ӨТКЕН ОҚМФА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ БЕСІНШІ ЖАСТАР ҒЫЛЫМИ ФОРУМЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қорымен бірлесіп «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің екі күндік V халықаралық ғылыми конференциясының қорытындысын жасады  (8-9 желтоқсан, 2017 жылы, Шымкент қаласы).

ОҚМФА-дағы ғылыми форум көптеген ғалымдар үшін үлкен кәсіби өміріне бастапқы алаңы болып табылады! Осымен бесінші рет жүргізіліп отырған халықаралық конференция болашақта кішігірім және үлкен жаңалықтар ашуға жастар үшін жарқын оқиға болып табылады.

ОҚМФА қанатының астында Қазақстанның барлық медициналық жоғары оқу орындары, және де таяу шетелдегі (Ресей Федерациясы, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан) жоғары оқу орындарының білім алушыларын да жинақтаған. Осындай бастамасына қолдау көрсеткені үшін конференция спикерлері: ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор Б. К. Нұрмашев, м.ғ.д, проф. ҚДСЖМ Г.К.Каусова, Өзбекстаннан келген т.ғ.д., проф. Р.Х.Халилова, академиясының кафедра меңгерушілері А.К.Патсаев, С.К.Ордабаева, Б.О.Торланова, Б.З.Долтаева және т. б. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Қорына алғысын білдірді.

1175

Төрт жылдың ішінде үш мыңға жуық мақалалар мен тезистер жарияланған. Ғылыми жұмыстарды Қазақстан, Ресей, Израиль, Шотландия, Германия, Словения, Чехия, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Өзбекстанның жетекші жоғарғы оқу орындарының өкілдері жібереді.

Форумды өткізген бірінші жылы– 2013 - 150-ден астам жұмыс түсті.

2014 жылдың желтоқсан айында – қазірдің өзінде 350-ге жуық, 2015 жылы – 500, 2016 жылы – 750-ге жуық жұмыс. 2017 жылда 700-ден астам мақалалар мен тезистер жіберілген.

1176

 

8 желтоқсан күні Астана экономикалық форумының «G-global» халықаралық жобасының алаңы «Табиғи дәрілік қосылыстары және оларды қолдану келешектері» секциясының қатысушылары мен қонақтары  үшін пайдалануға берілген. Бейнеконференцияның жұмысына Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институты, Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (Ресей), Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Бұхар мемлекеттік медицина университетінің өкілдері (Өзбекстан) қосылды.                        

1177

Пленарлық отырыстың баяндамашылары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды: Константин Пушкарев, ҚДСЖМ бірінші жылының докторанты; Khamidullah Sakhar, South Kazakhstan State Pharmaceutical Academy, Shymkent; Ж.Назимбек, Яссауи атындағы ХҚТУ 2 курс студенті, Түркістан қаласы; Рита Оналбаева, ОҚМФА бірінші оқу жылының магистранті; Ташкент фарминститутының докторанты Ш. Халилова.

1178

 «Табиғи дәрі-дәрмектер және оларды қолдану келешектері» секциясы бойынша форумның ең жас жеңімпазы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылының Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп оқушысы Нұрайлым Оразбаева (ғылыми жұмысы «Киікоты-өсімдігі қоспасынан таза өнім-сабын жасау») болып атанды.

1179

Келесі баяндамалар секциялар бойынша үздік болып танылды: А.Данилов, Башқұрт мемлекеттік медицина университеті, Уфа қаласы, РФ, Е.Керім,  С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Алматы, Р.М.Зарубаев, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды, Назиева Айжан, Жұманазар Нұртас, Әлібек Айжамал, ОҚМФА.

 1180

Барлығына бағалы сыйлықтар берілді. Форумға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Үндістан елдерінен келген шамамен үш жүз делегат сертификат алды.

09.12.2017, 07:56
391 қаралым