Университеттердің ғылыми және студенттік қоғамы аясындағы университетаралық дөңгелек үстел

2024 жылдың 24 қазанында ЖТД интерндеріне арналған ЖОО аралық пікірталас клубының отырысы: "Бактерияға, вирусқа, саңырауқұлаққа қарсы қарсылықтың қалыптасуы-жеңу жолдары" тақырыбында өтті. Шараға Астана медицина университеті, Қарағанды медицина университеті және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы сияқты Қазақстанның жетекші медициналық университеттерінің интерндері мен оқытушылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында белсенді пікірталас өтті, қатысушылар тәжірибелерімен бөлісті, сұрақтар қойып, заманауи дәрілерге микробтардың төзімділігі туралы өзекті тақырып бойынша пікір алмасты. «Жалпы тәжірибелік дәрігер - 2» кафедрасы І-ЖТДҚ-11-23 тобы дәрігер-интеріні Зиятбек Ұлпан мен І-ЖТДҚ-01-23 тобы дәрігер - интерні Жуманова Динара «Ауыл шаруашылығы мен өеркәсіпте антибактериалды препараттардың қолданылуының адам денсаулығына тигізетін әсері» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада антибиотиктерді ауылшаруашылық және өнеркәсіп салаларында пайдаланудың жағымсыз салдары және адам ағзасындағы антибактериалды төзімділік қаупін азайтудың ықтимал жолдары қарастырылды.

Баяндама қызу пікірталасқа ұласты. Интерндер мен профессорлар антибиотиктердің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсері, антибиотиктерді қолдануды бақылаудағы қоғамдық денсаулықтың рөлі және инфекциялармен күресудің баламалы әдістерін дамыту перспективалары туралы өзекті сұрақтар қойылып, талқыланды. Микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдалану мәселелері көтеріліп, үлкен қызығушылық пен пікір алмасу болды. Қатысушылар қарсылық мәселесін еңсеру үшін әртүрлі салалардың – медицина, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптің бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті.

Қатысушыларда туындаған көптеген сұрақтарға жауаптар берілді. Талқылауға жобаның ғылыми жетекшісі, медицина магистрі Р.А.Сметова да қатысып, тақырыптың медициналық тәжірибе және халық денсаулығы үшін маңыздылығын атап өтті.

01.11.2024, 11:01
230 қаралым