«Университеттердегі медициналық білімді жаңғырту» МodeHEd Эразмус+ жобасы шеңберінде өткен конференция

822 1

2016 жылдың 28 қыркүйек күні сағат 11:00-де (Астана уақытымен, Қазақстан) Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы (ОҚМФА) Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұйымдастыруымен МodeHEd Эразмус+ жобасы аясында «Университеттерде медициналық пәндерді оқытудың өзекті мәселелері» атты G-Global порталдың халықаралық ON-LINE конферециясына қатысты.

822 3

ОҚМФА-мен қатар конференцияның қатысушылары  жоба серіктестері - Ташкент медициналық академиясы, Наманган мемлекеттік университет, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университет, КазМҚПУ-тің оқытушылары болды.

ОҚМФА атынан «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Дәрігерлік емдеу ісі» мамандықтар бойынша «Балалар және жасөспірімдер гигиенасы» пәнді жоба-бағытталған оқыту» атты презентациясымен м.ғ.к., доцент Б.З.Долтаева сөз сөйледі. Конференцияда ОҚМФА-ның келесі кафедралары қатысты: педиатрия және балалар хирургиясы, морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру мен валеология, фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология, Гигиена-1, сондай-ақ, дәлелді медицина бөлімі.

28.09.2016, 04:10
458 қаралым