Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Dr. T.V. Nagendra Prasad және Үндістанның Бас консулы Swapnil Kothawade «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында» қонақта

02.11.2023ж күні Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Dr. T.V. Nagendra Prasad және Үндістанның Бас консулы Swapnil Kothawade «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясына» келді. Оқу орнымыздың ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлымен кіші мәжіліс залындағы кездесуде академиямыздың болашақ клиникасы туралы ақпарат көрсетіліп, ОҚМА мен Үндістан университеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Аса құрметті қонақтар оқу орнымыздың компьютерлік тест орталығы, академия клиникасының макетімен, мұражайларымызбен, стоматологиялық клиника, практикалық дағдылар орталығымен, жатақханамен, академиямыздың тарихымен, жеткен жетістіктерімен және алдағы уақыттағы жоспарларымен танысты. Кездесу соңында академияның үлкен мәжіліс залында қонақтар Үндістаннан келген студенттермен кездесіп, оқуда озат болып, тәртіпті болуға шақырды.

03.11.2023, 12:44
342 қаралым