Үндістаннан келген студенттермен Шымқаланың мәдени-тарихи орнына бару

2024 жылдың 3 қарашасында Үндістаннан келген студенттер гигиена және эпидемиология кафедрасының оқытушысымен бірге Шымкент қаласының тарихымен таныстыру аясында мәдени-тарихи орынға, көне қонысқа, Шымқала қорғанына барды.
Шымкент қаласының тарихы осы жерден басталады. Бұл Қазақстанның ешбір қаласында кездеспейтін бірегей тарихи нысан. Археологтар Шымкенттің құрылғанына 2500 жылдан асады деп есептейді. Мұнда үздіксіз археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде, ашық және жабық мұражайлар, түрме, түрлі тарихи ескерткіштер және қаланың әсем көрінісі бар.
Кіру тегін. Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) гид бар.
МША-02-2022, МША-11-2022, МША-12-2022, МШБ-12-2022 топтарының студенттері тарихи орынды тамашалап, естелік суретке түсті.

04.11.2024, 15:48
286 қаралым