Үндістан елшісінің Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына сапары

2025 жылғы 18 ақпанда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Dr. T.V. Nagendra Prasad ресми сапармен келді. Делегация құрамында Бірінші хатшы және директор мырза Санджай Веди, арнайы мәселелер және білім жөніндегі Екінші хатшы мырза Арвинд, сондай-ақ аудармашы мырза Асет Какимжанов болды.

Сапар аясында Академияның ректорының міндетін атқарушы Сәлім Ербол Қалтурсынұлы, тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, сондай-ақ әкімшілік өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында ОҚМА мен Үндістанның жетекші университеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Ресми кездесуден кейін қонақтар Академияның үлкен конференц-залында Үндістаннан келген студенттермен жүздесті. Елшілік өкілдері өз сөзінде тәртіпті сақтаудың және сапалы медициналық білім алуға ұмтылудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл сапар халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамына айналып, академиялық алмасу мен бірлескен білім беру бастамалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

19.02.2025, 11:12
78 қаралым