Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!

2022 жылдың 17 наурыз күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен «Болашақ» академиялық жастар орталығы және фармакогнозия кафедрасының ұйымдастыруымен «Қош келдің - әз Наурыз» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Алғашқы сөзді алған ОҚМА ректоры М.Рысбеков барша әріптестерді Наурыз мерекесімен құттықтап, қуаныш пен мейірімнің, бақ пен ырыстың, молшылық пен кеңдіктің белгісі болған мейрамда дендеріне саулық пен жұмыстарына сәттілік тіледі.

Іс-шара ОҚМА белсенді студенттері әзірлеген концерттік бағдарлама мен ұлттық нақышқа сай коріністерге жалғасты. Биылғы наурыз мейрамына халықаралық факультет студенттері белсене қатысып, ұлттық ән-билерімен шашу шашты. Мерекеге келген қонақтар студенттік ұйымдар дайындаған дастарханнан дәм татып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Баршаңызды «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

18.03.2022, 16:47
459 қаралым