«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға»

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушыларымен медицина колледжінің білім алушылары 2024 жылдың 13 наурыз күні қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты әдеби кешін ұйымдастырды. Әдеби кешімізге Медицина академиясының Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Тасжанов Б.Р., Медицина колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Тайжанова М.А., Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Сатаев А.Т. сонымен қоса Шымкент мамандандырылған колледжі, Мирас колледжі, Қазақстан медицина колледжінің ұлағатты ұстаздары қатысты. Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде – бір цитата келтірмей, таза мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен «Әдебиет танытқышты» жазып шықты.
Әдеби кешімізде білім алушылар ұлт ұстазымыздың өмірін, өлеңдерін, нақыл сөздерімен ұлт ұстазына арналған арнауларын нақышына келтіріп орындады, білім алушылар ұлт ұстазының «Анаға хат» көріністерін көрсетті. Сонымен қоса кеш соңында қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

15.03.2024, 15:27
169 қаралым