Ұлттық спорт – ұлт рухының жаршысы

2024 жылдың 18 наурызында Шымкент мамандандырылған колледжінде Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық спорт түрлері ұлықталды. Студенттер арқан тартыс, асық ойыны, ләңгі ойыны, қол күресі, гир көтеруден бақ сынасты. Спорттық шараға ОҚМА АҚ «Қазақстан тарихы және әлеуметтік қоғамдық пәндер кафедрасы», «Әлеуметтік гуманитаралық пәндер кафедрасы» және Медицина колледжінің білім алушы жастары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс соңында «Гир тасын көтеру», «Асық ату сайысы», «Қол күресі» сайысы бойынша үздік ойын көрсеткені үшін ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжінің білім алушылары І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ұлыстың ұлы күнін тойлауға келген көпшілік осылай ұлттық құндылығымыздың озығын көріп, рухани тәлім алып тарасты.

19.03.2024, 17:26
279 қаралым