«Ұлттың ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы» дөңгелек үстел есебі

Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы және кафедраның аға оқытушылары А.С.Жакипова, Д.Ж.Кемелханның жетекшілік етуімен 12.10.2023ж. күні «Ұлттың ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы» дөңгелек үстелі өткізілді.

Алғы сөз ф.ғ.к. доцент м.а Г.Т.Қамбербекқызына берілді. А. Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі, әдебиеттану сияқты жеке ғылым салаларының ғылыми терминологиясының негізін қалаумен бірге, көптеген әдістеме, тарих және этнографияға, жалпы мәдениетке қатысты терминдер жасаған ғалым. А. Байтұрсынұлы терминжасам тәсілдерін анықтап, оларды өз тәжірибесінде тұңғыш рет кеңінен пайдаланған ғалым.

Ғалымның өмір мен еңбек жолы жайында ,жасаған аудармалары , тіл білімі мен терминологияға қосқан орасан еңбегі мен өзге арнаулы салаларға қатысты терминдер жасаған еңбегі бойынша студенттер бірнеше баяндамалар жасап, бейне фильмдер көрсетілді. Қатысушылар және баяндамашыларға алғыс хаттар табыс етілді. Фармация өндіріс технологиясы кафедрасы проф.м.а. Торланова Ботагөз Онғаровна іс-шара соңынан алған әсерімен бөлісіп, қатысушыларға өз алғысын білдірді.

18.10.2023, 13:47
354 қаралым