«Тұсау кесер – 2023»

2023 жылдың 28 қыркүйек күні Шымкент қаласы Түркістан сарайында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен және ОҚМА басшылығының қолдауымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын академияның І курс студенттер қатарына қабылданған білім алушыларға арналған «Тұсау кесер - 2023» салтанатты мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шараға ОҚМА АҚ ректоры М.Рысбеков, Шымкент қаласы ЖОО ректорлары, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары және оқытушылар мен студенттері қатысты. Мерекелік іс-шараны салтанатты түрде ОҚМА АҚ ректоры М.Рысбеков ашып, академияның бірінші курс студенттеріне символикалық «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» табыстады. Ары қарай құттықтау сөзді Оңтүстік өңірдің медицина саласының ардагерлері Сағындықова Баян Ахметовна, Абсеитова Сауле Раимбековна және Әнуарбек Әбдібекұлы жалғастырып, білім алушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Бірінші курс студенттері салтанатты түрде дәрігер антын қабылдады.
Кештің соңы республикалық эстрада әншілерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға жалғасты. Шымкент қалалық мәдениет үйінің қазақ халық аспаптары оркестрі, Ерлан Асанов, Айнұр Назарбекова, «Қазына» би ансамблі, Байкен Құрманалиев және кештің басты жұлдызды қонағы Еңлік Тұрарбек жастармен бірге ән шырқады.
Барша 1 курс студенттерін медицина мамандарын даярлаудағы жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына келуімен шын жүректен құттықтаймыз!

29.09.2023, 16:34
404 қаралым