Тұсау кесер – 2022

Қыркүйек айының 30 жұлдызы күні Шымкент қаласы Шәмші Қалдаяқов аллеясында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен және ОҚМА басшылығының қолдауымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын академияның І курсына қабылданған білім алушыларды студенттік қатарға қосу рәсімі «Тұсау кесер - 2022» салтанатты мерекелік іс шарасы өтті. Іс шараға ОҚМА АҚ құрылтайшысы С.Сейтжанов, Шымкент қаласы ЖОО ректорлары, денсаулық сақтау мекемелерінің басышалары және оқытушылар мен студенттері қатысты. Мерекелік іс-шараны салтанатты түрде ОҚМА АҚ құрылтайшысы С.Сейтжанов ашып, академияның бірінші курс студенттеріне символикалық «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» табыстады. Ары қарай құттықтау сөзді академия ректоры М.Рысбеков пен Ташенов университетінің ректоры Байболов Қанат Сейтжанұлы жалғастырып, білім алушыларға жылы лебіздерін білдіріп, мектепті үздікке бітіріп түскен студенттерге марапат сыйлықтар табыстады.

Бірінші курс студенттері салтанатты түрде дәрігер антын қабылдады.
Кештің соңы республикалық эстрада әншілерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға жалғасты: Бағлан Жолдасов, Астана Қарғабай, Бурхан-Еңлік, Бота Алимхан және кештің басты жұлдызды қонақтары Қазыбек Құрайыш пен Мирас Жүгінісов жастармен бірге ән шырқады.

Барша 1 курс студенттерін медицина мамандарын даярлаудағы жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына келуімен шын жүректен құттықтаймыз!

03.10.2022, 16:56
528 қаралым