«Тұсау кесер – 2021»

Қазан айының 12 жұлдызында ОҚМА-ның үлкен мәжіліс залында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын академияның І курсына қабылданған білім алушыларды студенттік қатарға қосу рәсімі «Тұсау кесер - 2021» өтті. Іс шараға ректорат мүшелері мен 1 курс студенттері қатысып, Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді. Шараны салтанатты түрде ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып, академияның бірінші курс студенттеріне символикалық «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» табыстады.

Сонымен қатар, Фармация факультетінің деканы Ғ.Өмірзахова, медицина факультетінің деканы Б.Долтаева, медицина колледжінің директоры А.Кушкарова сөз сөйлеп, білім алушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Бірінші курс студенттері салтанатты түрде дәрігер антын қабылдады.

Кештің концерттік бөлімінде «Айкөркем» би ансамблі қазақ биін билеп, өнер жолындағы әншілер Өркен квинтеті, М.Урумбаев, Б.Серікбаев, К.Демеудің баян мен қобызда халық әндерін және «Шабыт» триосының әсем әндерімен, музыкалық қойылымдарымен жалғасты.

Барша 1 курс студенттерін медицина мамандарын даярлаудағы жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына келуімен шын жүректен құттықтаймыз!

13.10.2021, 16:23
503 қаралым