Түркістан қаласына студенттік тур
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» жанындағы медицина колледжінің «Фармацевтикалық пәндер» кафедрасының оқытушыларымен және С-ФҚ-11-02-22, С-ФО-11-03-22 топ студенттерімен «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесіне студенттік тур ұйымдастырылды. Тур мақсаты білім алушылардың патриотизм құндылықтарын дәріптеу қайратты және жауапты адамдардың біртұтас ұлтын қалыптастыру.
Отаншылдықтың маңызды шарты ұлттық бірегейлікті сақтау, қоршаған ортаға жауапты қарауға, жергілікті және ұлттық деңгейлерде қоғамдық өмірге белсенді қатысуға, қатыстылық пен бастамашылық сезімін дамытуға бағытталған әрбір азаматтың санасын жаңғырту болып табылады.
Саяхат барысында білім алушылар еліміздің тарихындағы маңызды рөлі бар Түркістан қаласымен танысып, кесене тұрғызу барысындағы аңыз-әңгімелерді тыңдады. Тур соңында кесене маңында орналасқан «Керуен сарай» туристік кешенін тамашалап қайтты. Қайтар жолда тур барысындағы алған әсерлерімен өзара бөлісіп, тарих туралы сұрақтар қызу талқыланды.