«Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылған қайырлымдық іс-шара

2024 жылғы 13 сәуірде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасының ПОҚ және ЖООК білім деңгейіндегі «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының магистранттары мен докторанттарының қатысуымен «Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ қайырлымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында түрлі ойындар ұйымдастырылып, балалар мен жасөспірімдерге жас ерекшеліктеріне қарай арнайы сыйлақтар табысталды.
Іс-шара аяқтала мекеме басшысы, ұжымы және балалар ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.

17.04.2024, 12:34
253 қаралым