Түркістан облысы дәрігерлерінің өзекті жұқпалы аурулар мәселелеріне арналған ғылыми-тәжірибелік семинары
2024 жылдың 17 сәуірінде ОҚМА мәжіліс залында жұқпалы аурулар және тері-венерология кафедрасы әлеуметтік маңызы бар жұқпалы аурулар мәселелері бойынша облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді. Семинарға жалпы тәжірибе дәрігерлері, инфекционист дәрігерлер, педиатрлар, эпидемиологтар, жедел жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлер қатысты. Семинар көкжөтел, А гепатиті және басқа да жұқпалы аурулар бойынша шиеленіскен эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткізілді.
Келесі баяндамалар жасалды:
Абуова Г.Н., жұқпалы аурулар және тері-венерология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., профессор – «ЖҚЖА: эпидемиологиясы, клиникасы, зертханалық-диагностикалық, емдік шаралары».
Бердалиева Ф.А., доцент, м.ғ.д. – «Балалар мен ересектердегі көкжөтелдің заманауи клиникалық ерекшеліктері, диагностикалық және емдік шаралары. Клиникалық хаттама».
Жүзжасарова А.А., доцент м.а., PhD – «Малярияның клиникалық-эпидемиологиялық сипаттамасы».
Қамытбекова Қ.Ж., м.ғ.к., доцент м.а. – «Қазіргі кезеңде А вирусты гепатиті: эпидемиология мәселелері, клиникалық белгілері, диагностикасы және емі».
Әуезханов С.П., кафедра ассистенті – «Сібір жарасы: этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі».
Әлеуметтік маңызы бар жұқпалардың клиникалық жағдайлары практикалық денсаулық сақтауда көрсетіліп, ККЖ, көкжөтел, вирустық гепатит, күйдіргі және маляриямен ауыратын науқастарды емдеу бойынша кезең-кезеңімен ұсыныстар берілді.