Туберкулез және АИТ
2023 жылдың 21 қыркүйек күні Облыстық фтизиопульмонология орталығында дәрігерлер мен медбикелер арасында АИТВ инфекциясы бар науқастардағы туберкулез бойынша семинар өтті. Семинарда ОҚМА Фтизиопульмонология және радиология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты фтизиатр дәрігер, доцент Касаева Лаззат Татибековна «Туберкулез және АИТВ коинфекциясы» атты баяндама жасады. Баяндамада Туберкулез және АИТВ коинфекциясының өзектілігі, эпидемиологиялық жағдайы, анықтау жолдары, АИТВ-мен ауыратын науқастарда туберкулез инфекциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін атап көрсетті.
22.09.2023,
17:23
452 қаралым