Құттықтаймыз!

1634 1

«ОҚМА» АҚ «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының ұжымы ИВАНОВА МАРИНА БОРИСОВНАНЫ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР ғылыми атағын беруімен шын жүректен құттықтайды.

Бұл атақ – сіздің ғылымға, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесіңіздің жоғары бағасы. Сіздің кәсіби жетістігіңіз – бұл әрине, сіздің талантыңыздың, қабілетіңіздің және қажырлы еңбегіңіздің дәлелі. Біз сізді жаңа атағыңызбен құттықтаймыз және сіздің жетістігіңіздің куәсі болғанымызға шын жүректен қуаныштымыз.

Бұл маңызды жетістік жаңа жетістіктер үшін берік негіз болып, өршіл бастамаларды жүзеге асырудың бастамасы болатынына сенімдіміз.

Сіздің қол жеткізген биіктерде тоқтап қалмауыңызды, ойдағы бар жаңа идеяларыңызды іске асыру үшін сізге шабыт пен мықты денсаулық, сәтті кәсіби даму мен қарапайым адам бақытын тілейміз!

08.02.2021, 06:12
448 қаралым