Құттықтаймыз!

 

579 1

«Оңтүстік Қазақстан облысындағы үздік тәуелсіз сарапшы» байқауының нәтижесі бойынша жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі Г.Н.Абуова 1-орын алды және 2015 жыл 15 маусымда Астана қаласында болған «Мамандығындағы үздігі» Республикалық Байқауында біздің облысты қорғады.

579 2

 

«Мамандығындағы үздігі» Республикалық Байқауы Медициналық қызметкерлер күнінің алдында өткізілді.

Абуова Гулжан Наркеновна, м.ғ.к., жоғары дәрежелі дәрігер-инфекционист, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауының үздігі, жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі. 28 жыл дәрігерлік, 19 жыл педогогикалық өтілі бар. «Жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша тақырыптық және жалпы меңгерту бөлімдері бойынша оқу бағдарламасының авторы. 150-ден астам ғылыми жұмыстардың, мемлекеттік тілдегі «Эпидемиология» оқулығының, КҚҚБ, ботулизм, цитомегаложұқпалы инфекцияның диагностикасы мен емдеуінің клиникалық протоколының автор. Аурулар мен науқастарды жұқпалы аурулардың кең шеңберінде кеңес береді. Инфектологияның негізгі бөлімдері бойынша дәрістер оқиды. ФНПР тыңдаушыларына тәжірибелік сабақ, пікірталас, дөңгелек үстелдер өткізеді. Г.Н.Абуова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық жұмысты бақылау Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 

579 3

01.07.2015, 03:40
616 қаралым