Тренинг «Биомедициналық зерттеулердегі этика»

2020 жылдың 18-19 маусым аралығында ОҚМА-да «Биомедициналық зерттеулердегі этика» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингті ҚР ДСМ Биоэтика жөніндегі орталық комиссияның төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сарымсакова Бахыт Еркешовна өткізді.

Тренингке 16 тыңдаушы қатысты: ОҚМА ректоры, профессор

Рысбеков М.М., ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор Нұрмашев Б.Қ., стратегиялық даму және инновация жөніндегі бірінші проректор Есіркепов М.М., қаржы және шаруашылық қызмет жөніндегі проректор Сейтжанова Ж.С., оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Анартаева М.У., стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ахметова А.А. және ОҚМА биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия мүшелері.

1544 1

Тренингке қатысушылар келесі сұрақтармен танысты: Биоэтика, даму тарихы; Биомедициналық зерттеулер этикасы саласындағы реттеуші халықаралық құжаттарға шолу; Биомедициналық зерттеулер жүргізудің негізгі этикалық принциптері; Биомедициналық зерттеулер жүргізу саласындағы ҚР Заңнамасы; Ақпараттандырылған келісім нысаны; Ақпараттандырылған келісімді алу рәсімі; Ғылыми зерттеулердегі осалдылық принципі; Биомедициналық зерттеулердегі қауіп-қатерді және пайданы бағалау; Биомедициналық зерттеулердегі құпиялылық.

1544 2

Осылайша, тренинг тыңдаушылары биомедициналық зерттеулер мен тиісті клиникалық практикада, этика саласында өз біліктілігін арттырды, бұл берілген сертификаттармен расталды. Тренинг барысында қатысушылар, көптеген сұрақтарына жауап алды.

24.06.2020, 08:22
323 қаралым