«ТМД-ның үздік жас ғалымы-2022»
10-15 қазан аралығында Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының студенттері, магистранттары мен жас ғалымдары үшін кезекті халықаралық сайыс өткізілді.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынан фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасынан Фармация факультетінің 4 курс студенті Шалтаева Диана Габитовна ғылыми баяндамамен қатысты. «Кордицепстің адам ағзасына әсері» тақырыбымен аталған сайыста ll дәрежелі дипломға және «ТМД-НЫҢ ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ-2022» төс белгісіне ие болды.
Оның ғылыми тәлімгері және жетекшісі биология ғылымдарының кондидаты, кафедра доценті Абуова Гүлнара Турганбаевна. Марапаттарды тапсыру 5 желтоқсанда Астана қаласында, Министрліктер үйінде; / Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында, Ғылым академиясында; /Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласында, Білім және ғылым министрлігінде, сондай-ақ қашықтықтан өткізілді.