«Тілдарын – 2022» байқауы

2022 жылдың 17 наурыз күні Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тілдарын - 2022» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты - үш тілді - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.
Аталған байқауға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының атынан Сабурова Саида, Рустомжонов Сардор, Сұлтанұлы Ұлан, Жәңгір Аяжан, Калшабеков Нұрдаулет, Абдиев Ердаулет сынды студенттер өте белсенді ат салысты. Аталған студенттердің арасынан Педиатрия факультетінің ПО-03-21 1 курс студенті Рустамжанов Сардорбек бас жүлдені иеленіп, жалпы медицина мамандығының ЖМҚА-01-21 тобының 1 курс студенті Абдиев Ердаулет алғыс хатпен марапатталды.

01.04.2022, 16:51
444 қаралым